» » Сайлау науқанында Тоқаевтың президент ретінде өкілеттігі тоқтай ма? Әшімбаев жауабы

Сайлау науқанында Тоқаевтың президент ретінде өкілеттігі тоқтай ма? Әшімбаев жауабы

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев сайлау науқаны кезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  мемлекет басшысы ретіндегі өкілеттігін тоқтатпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

ТоÒаев

"Президент өкілеттігін тоқтату туралы заңда талап жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің заңнамасына сәйкес Қазақстан президентінің толық қызметін орындайды. Егер ол үгіт-насихат іс-шараларына қатысатын болса, барлық іс-әрекет қатаң заңға сай жүргізілуі тиіс. Үгіт-насихат өтетін жер тиіс үлгіде жасалып, қоғамдық штаб пен заңды тұлға арасында тиісті келісімшарт болуы тиіс. Барлығы заң аясында қатаң жасалады",- деді Әшімбаев Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте. 

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Қасым-Жомарт Тоқаевтың үгіт-насихат штабында сенімді өкілдері жұмыс істейтінін мәлімдеді.
Еске сала кетсек, бүгін Орталық сайлау комиссиясы Тоқавтың кандидатурасын реси тіркеп оның сенімді өкілі Әшімбаевқа тиісті куәлікті тапсырды. Сондай-ақ ол Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабын басқарады.

Stan.kz 
03 мамыр 2019 ж. 182 0