» » Президент WhatsApp арқылы тапсырма беретінін мойындады

Президент WhatsApp арқылы тапсырма беретінін мойындады

"Россия" телеарнасының "Вести недели" бағдарламасының жүргізушісі Андрей Кондрашовқа сұқбат берген Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желі арқылы жұмыс істейтінін мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Президент әлеуметтік желіде жұмыс істейтінін айтып, WhatsApp арқылы тапсырма беретінін мойындаған.

"Әлеуметтік желілерді пайдаланамын. Онда жұмыс істеймін. Айтпақшы, кейбір тапсырмаларды WhatsApp арқылы беремін. Қауіпсіздік жағынан дұрыс емес шығар, бірақ жылдам", - деп мәлімдеді мемлекет басшысы.
Бағдарлама жүргізушісі Қазақстан үкіметінде Twitter аккаунтын ашқан бірінші тұлғалардың қатарында Тоқаев болғанын есіне алды.

"Twitter-ді Біріккен Ұлттар Ұйымынан алып келдім. Онда Twitter-де өз парақшаңды жүргізу шарт болған. Осы байланыс түріне үйреніп қалдым. Twitter басқа сөзбен айтқанда жеке телеграф агенттігі.

Мысалы, бүгін облыстардың біріндегі полиция басшысы туралы бірнеше ауыз сөз жарияладым...

Біреуге телефон соғып, өтініш айтудың қажеті не? Twitter-ге жазсаң болды, бәрі бірден біледі", - деді президент.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Instagram парақшасын кеңес бойынша ашқанын жеткізді.

"Сонымен қатар, менің Instagram парақшам бар. Бірақ оны президент болғаннан кейін ашқанымды мойындаймын. Оны кеңес бойынша аштым", - деді ол.


04 маусым 2019 ж. 123 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30