» » Головкиннің «Канеломен» үшінші айқасы үшін қанша гонорар алады

Головкиннің «Канеломен» үшінші айқасы үшін қанша гонорар алады


Жартылай ауыр салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, ресейлік Сергей Ковалевтың промоутері Кэти Дува Ковалев өз клиентінің Сауль Альвареспен кездеспейтінін айтты. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
Дуваның айтуынша, Альварестің промоутерлері мексикалық боксшымен өтетін жекпе-жек үшін Ковалевқа тым аз гонорар ұсынған.
«Көп келіссөз жүргізілді. Бірақ Golden Boy-дағылар көңіл көншітерлік ештеңе ұсынған жоқ. Өздеріңіз білесіздер, Дэниэл Джейкобс «Канеломен» жұдырықтасқаны үшін 15 млн доллар алды, сыбыстарға сенсек, Геннадий Головкинге 25 млн уәде етілген. Ал Энтони Джошуамен жекпе-жек өткізу үшін Джаррелл Миллер 6,5 млн алуы тиіс. Джошуаны АҚШ-та тіпті жұрт танымайды да. Осыларды көргеннен кейін ойланасың да. Сергей «Канеломен» кездесер-ақ еді, бірақ Golden Boy мен DAZN бұған шындап кірісуі керек қой», - дейді промоутер World Boxing News-ке берген сұхбатында.
egemen.kz









06 шілде 2019 ж. 85 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9544)

30 тамыз 2019 ж.

№67 (9543)

27 тамыз 2019 ж.

№66 (9542)

24 тамыз 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30