» » 400 рет жарақат алған хоккейші – Терри Савчук туралы білесіз бе?

400 рет жарақат алған хоккейші – Терри Савчук туралы білесіз бе?

Хоккей ойынының алғашқы қақпашыларының бірі ретінде танылған Терридің бет-жүзінде сау-тамтық жоқ еді. Ойын кезінде бірнеше рет қабағы жарылып, еріні жыртылып, қан-жоса болған ол ойын алаңынан емес, майдан даласынан қайтқандай күй кешетін-ді. Кейіннен қорғаныс маскасын ойлап тауып, бар қақпашы бетін тұмшалап жатқанда да, ол бетперде киюден бас тартты. Тек, 1962 жылы ғана халықаралық ойындарда төрешілердің қатаң талабынан кейін, амалсыз маска киюіне тура келген... Бет әлпетінде 400-ден аса тыртығы бар Терридің саусақтары бірнеше мәрте сынып, иығы талай шығып кеткен. Арқа омыртқасы да талай рет тайып, төс сүйегі шытынаған. Жасында сынған қолы кеміс біткендіктен бір қолы екіншісінен қысқа еді. Бір сөзбен айтқанда, бүкіл денесін жайлаған сынықтармен қатар, ол артрит дертіне де ерте шалдыққан екен. Бірінші суретте - Терридің жарақатын айқындай түсу үшін гриммерлердің қайта жаңғыртқан тыртықтары бейнеленген. Бір кәлләда - 400 тыртық! Екінші суретте бүкіл жарақаты мен ауруын елге сездірмейтін қайсар Савчуктің өзі!. Қақпа алдында бүгіліп тұратын оның бұл тұрысын барлық қақпашы өте ыңғайлы әрі тиімді тұрыс ретінде өздеріне көшірген. Алайда, Терри тік тұрғанда белі сыздап, ауруы жанына батқан соң осылай тұратындығы кейінірек мәлім болыпты. Ойын алаңынан қанша мәрте қан-жоса боп, зембілге таңылып шықса да, Терри мұз айдынын тастамаған. Ерекше қайсарлығының арқасында ол 4 мәрте Стэнли кубогы мен 4 мәрте НХЛ-дің үздік қақпашысы атағына ие болған. Савчук 1034 матчқа қатысып, чемпионаттарда 447 рет жеңіске жеткен, 103 матчта қақпасына бірде-бір шайба жібермей, таза жеңген...

Қанат Ескендір
massaget.kz

06 шілде 2019 ж. 725 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (9566)

16 қараша 2019 ж.

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 284

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 325

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930