» » Универсиада-2019: Қазақстан қоржынына алтыншы медаль түсті

Универсиада-2019: Қазақстан қоржынына алтыншы медаль түсті

УнивеÑÑиада-2019: ÒазаÒÑÑан ÒоÑжÑнÑна алÑÑнÑÑ Ð¼ÐµÐ´Ð°Ð»Ñ ÑÒ¯ÑÑÑ - © ÒР Ò°ÐÐ

Михаил Литвин Неапольда өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында күміс жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Olympic.kz.

400 метрге жарысқан желаяқтар арасынан Литвин мәреге екінші болып келді. Қазақстандық жеңіл атлет аталған қашықтықты 45.77 секундта жүгіріп өткен.

Алтын медаль мексикалық Валенте Мендосаға (45.53) бұйырса, қоланы Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Гардел Эдвард Исакс (45.89) иеленді.

Айта кетейік, қазақстандық спортшылар Универсиада ойындарында бір алтын, төрт күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

Дзюдошы Ғалымжан Қырықбай чемпион атанса, гимнастар Нариман Курбанов пен Милад Карими және стенд атушы Зоя Кравченко мен жеңіл атлет Михаил Литвин күміс еншілеген.

Стенд атудан қола жүлдені Сәрсенкүл Рысбекова иеленген болатын. 

Kaz.tengrinews.kz
11 шілде 2019 ж. 97 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031