» » Италияда өткен Универсиадада Қазақстан құрамасы жеті медаль иеленді

Италияда өткен Универсиадада Қазақстан құрамасы жеті медаль иеленді


ÐÑалиÑда Ó©Ñкен УнивеÑÑиадада ÒазаÒÑÑан ÒÒ±ÑамаÑÑ Ð¶ÐµÑÑ Ð¼ÐµÐ´Ð°Ð»Ñ Ð¸ÐµÐ»ÐµÐ½Ð´Ñ -


14 шілдеде, Италияның Неаполь қаласында Халықаралық Универсиада-2019 жарысының жабылу салтанаты болады.

Қазақстан құрамасы жалпы есепте жеті медальмен 25-ші орынды қанағат тұтты.  Универсиадада 94 спортшы Қазақстан құрамасының намысын қорғады. Жалғыз "алтынды" дзюдошы Ғалымжан Қырықбай иеленді. Ол абсолют салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді. 

Қазақстандықтар бес рет тұғырдың екінші сатысына шықты. Гимнаст Нариман Құрбанов пен Милад Карими, жеңіл атлет Михаил Литвин, таеквондошы Смайыл Дүйсебай (87 келіге дейінгі салмақта) және Зоя Кравченко (стендтік ату). Сәрсенкүл Рысбекова (стендтік ату) қола медаль иеленді. 

Бірінші орында - Жапония құрамасы (33 алтын, 24 күміс және 28 қола медаль). Екінші орында Ресей - 22, 24, 36. Үшінші орында Қытай - 22, 13, 8. Айта кетейік, осыған дейінгі өткен Универсиадада (Тайбэй-2017) қазақстандық спортшылар үш алтын, алты күміс және жеті қола жеңген болатын. 2015 жылы Кванджуда өткен жарыста алты алтын алып, қазақстандық спортшылар ең үздік нәтиже көрсеткен еді. 




kaz.tengrinews.kz
14 шілде 2019 ж. 43 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9521)

11 маусым 2019 ж.

№44 (9520)

07 маусым 2019 ж.

№43 (9519)

04 маусым 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

09 шілде 2019 ж. 138

ХАБАРЛАНДЫРУ

05 шілде 2019 ж. 91

Сессияға шақыру

02 шілде 2019 ж. 112

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031