» » «Көп адам сенбейді»: Бір қолымен волейбол ойнайтын түркістандық спортшы ұлттық құрамаға шақырту алды

«Көп адам сенбейді»: Бір қолымен волейбол ойнайтын түркістандық спортшы ұлттық құрамаға шақырту алды

18 жастағы Шахрух Санваров ендігі ел құрамасы сабында әлемдік чемпионаттарда өнер көрсетеді. Бір қызығы – ол «ұшар допты» бір қолымен ойнайды. Stan.kz ақпарат агенттігіне сұхбат берген волейболшы спорттағы жетістіктері, алға қойған жоспарларымен бөлісті.



Туғанынан бір қолы жоқ Шахрух Арибжанұлын ата-анасы жастайынан спортқа баулығанды жөн көріпті. Болмысынан зерек, қағлез баланың бір қолы жоқ демесеңіз, қатарластарымен салыстырғанда барлық жағынан бір саты алда келеді. Кәмелеттік жасқа толған ол волейболдан спорт шебері атанып үлгерген. Сондай-ақ, «Түркістан» құрамасында жүріп бір алтын, бес күмісті қанжығасына байлаған жасөспірімдер арасында ҚР-ның чемпионы.

–    Қарапайым отбасында дүниеге келдім. Ата-анам егін егіп, кәсіпкерлікпен айналысады. Көпбалалы отбасының екінші перзентімін. Үйдің үлкені - қыз, ал менен кейін екі інім бар. Мектеп жасынан бастап волейбол үйірмесіне бардым. Спортқа келуіме себепкер де әр кез қолдау көрсететін ата-анам. Олар менің шымыр болып өскенімді қалады. Өзімде де осы ойынға деген ерекше қызығушылық болды, - дейді спортшы.

Жүру, жүгіру, лақтыру, иілу, секіру, қабылдау тағы басқа жаттығулардан тұратын бұл спорт түрі  адамның көңілі сергек болуына әсер етіп, іскерлік қабілетін дамытады, дейді спортшы. Оның алғашқы жаттықтырушысы Ақылжан Қошқаров болған.

Волейболшының айтуынша, 7-сыныптан жаттығып, араға екі жыл салып, жақсы нәтиже көрсеткен соң жарыстарға шыға бастаған. Қазір «Түркістан» құрамасында шабуылдаушы болып ойын көрсетіп жүр. Тренері – Ораз Нарбаев. ҚР ұлттық құрамасынан шақырту алған ол қараша айынан бастап халықаралық сайыстарға шықпақ. Шахрух алдағы уақытта параолимпиадалық жарыстарда ел намысын қорғайды.

Оқуда озат, отбасына жанашыр Шахрух Санвардың өмір жолынан талай өскелең ұрпақтың үлгі алатыны сөзсіз. «Бастысы – адам бойындағы сенімділікті жоғалтпау керек»-, дейді ол.

31 шілде 2019 ж. 196 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9573)

10 желтоқсан 2019 ж.

№96 (9572)

07 желтоқсан 2019 ж.

№95 (9571)

04 желтоқсан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 497

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031