» » Қазақ балуаны өзбек қарсыласын ұтып, әлем чемпионы атанды

Қазақ балуаны өзбек қарсыласын ұтып, әлем чемпионы атанды

Грек-рим күресінен сынға түскен отандасымыз қарсыластарын қоғадай жапырып, әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

ÒÐ°Ð·Ð°Ò Ð±Ð°Ð»ÑÐ°Ð½Ñ Ó©Ð·Ð±ÐµÐº ÒаÑÑÑлаÑÑн Ò±ÑÑп, Óлем ÑÐµÐ¼Ð¿Ð¸Ð¾Ð½Ñ Ð°ÑандÑ

Саматбек Ізімғали Болгарияның София қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында грек-рим күресінен жеңімпаз атанды, деп жазады Qsport.kz.

Саматбек Ізімғали Болгарияның София қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды. Грек-рим күресінен сынға түскен отандасымыз қарсыластарын қоғадай жапырып, әлем чемпионы атағын жеңіп алды. 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Саматбек алғашқы алғашқы айналымда кадеттер арасында Еуропа чемпионы Фарид Садихлиді 15:4 есебімен жеңді. Одан кейін Үндістан, Иран және Өзбекстан балуандарын бірде-бір ұпай бермей ұтты. Ал Финалда өзбек балуаны Асадбек Бахрамовты жамбасқа алып ұрып, жауырынын жер иіскетті.

Айта кетейік, 4-7 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Азия чемпионатында да Саматбек чемпион атанған болатын. 


ERNUR.KZ
05 тамыз 2019 ж. 146 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9573)

10 желтоқсан 2019 ж.

№96 (9572)

07 желтоқсан 2019 ж.

№95 (9571)

04 желтоқсан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 562

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 545

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031