» » Головкин Деревянченкомен келіссөздің өтіп жатқанын растады

Головкин Деревянченкомен келіссөздің өтіп жатқанын растады


Боксшы Геннадий Головкин Сергей Деревянченкомен титулды жекпе-жек жайында келіссөз өткізуде деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасағаен KAZ.NUR.KZ.

GGG Феникстағы автограф-сессиясы кезінде Los Angeles Times шолушысымен болған әңгіме барысында бұл ақпаратты растады.

"Біз мұнымен жұмыс жасаудамыз", - деп атап өтті IBF чемпионы атағы үшін жекпе-жек туралы айтқан боксшы.

"Техника" командасымен келіссөздер жүргізіліп жатқанын қазақстандық спортшының промоутері Том Лаффер де растаған.
Спорттық сарапшылардың болжамынша, Головкин мен Деревянченко биылғы жылдың 5 қазан күні рингте кездесуі мүмкін. Жекпе-жек Нью-Йорктегі "Мэдисон Сквер Гарден" алаңында өтеді деп жоспарлаунда.
GGG өткен жолы дәл осы алаңда жеңіске жеткен еді.
Геннадий Головкиннің IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы болғаны атап өтілді. GGG Деревянченкомен кездесуден бас тартқан себепті титулдан айырылған.
Айта кетейік, Сауль Альварес IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан айырылғаны үшін жанкүйерлерінен кешірім сұрады.
Сондай-ақ, "Канело" мен оның промоутерінің арасында кикілжің туды. Анықталғандай, түсініспеушіліктер спортшының Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек үшін орын алған.



05 тамыз 2019 ж. 140 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031