» » Головкин әлем чемпионы атақ үшін бәріне келісті

Головкин әлем чемпионы атақ үшін бәріне келісті



Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін украиналық Сергей Деревянченкомен өтетін жекпе-жектің барлық шарттарына келіскен. Бұл туралы The Athletic инсайдері Майк Коппинджер мәлімдеді деп хабарлайды vesti.kz.

Бокс кеші 5 қазанда Нью-Йорктағы Madison Square Garden аренасында өтеді деп жоспарлануда.
Оның көрсетілімін DAZN стриминг қызметі қамтамасыз етпек.

"Дереккөздер: GGG 5 қазанда Деревянченкомен жекпе-жек өткізу үшін барлық шарттарға келісті. Украиналық боксшының кеңесшілері – Кит Коннолли мен Эл Хэймон әлі келісім шартқа қол қоймады. Қол қойылған соң Геннадий Головкин IBF атағын қайтаруға мүмкіндік алады", – деп жазды Майк Коппинджер."Бұл іс промоутерлік сауда-саттыққа бармайды. Келісім іс жүзінде аяқталып қалды", – деп толықтырды ол.


NUR.KZ
14 тамыз 2019 ж. 149 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (9537)

06 тамыз 2019 ж.

№60 (9536)

03 тамыз 2019 ж.

№59 (9535)

30 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031