» » Данияр Елеусіновтің Нью-Йорктегі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Данияр Елеусіновтің Нью-Йорктегі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Қазақстандық боксшы Девин Хэйни мен Заур Абдуллаев жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтасады.
ÐаниÑÑ ÐлеÑÑÑновÑÑÒ£ ÐÑÑ-ÐоÑкÑÐµÐ³Ñ Ð¶ÐµÐºÐ¿Ðµ-Ð¶ÐµÐ³Ñ ÒаÑан Ó©ÑеÑÑÐ½Ñ Ð±ÐµÐ»Ð³ÑÐ»Ñ Ð±Ð¾Ð»Ð´Ñ
Ұлыбританиялық Matchroom промоутерлік компаниясы қазақстандық чемпион Данияр Елеусіновтің (7-0, 3 КО) келесі жегі қашан өтетінін ресми түрде хабарлады, деп жазады Тengrinews.kz.
Спорт порталының мәліметінше, Елеусінов 13 қыркүйекте Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы Hulu Theather залында жеңіліп көрмеген 34 жастағы Решард Хикспен (12-0-1, 6 КО) кездеседі.
Айта кетейік, жекпе-жекті DAZN тікелей эфирде көрсетеді. Бокс кешінің басты қонақтары - америкалық Девин Хэйни (22-0, 14 КО) мен ресейлік Заур Абдуллаев (11-0, 7 КО). Ал қазақстандық боксшы кештің андеркартында жұдырықтасады.
Елеусінов соңғы жекпе-жегін 25 мамырда Мэрилэнд штатында чили боксшысы Луис Норамбуэнуны (3-4-1, 0 КО) жеңген болатын. Алдағы жекпе-жек қазақстандық боксшының АҚШ-тағы бесінші жекпе-жегі болмақ.




21 тамыз 2019 ж. 162 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (9592)

18 ақпан 2020 ж.

№12 (9591)

15 ақпан 2020 ж.

№11 (9590)

11 ақпан 2020 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 814

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 736

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829