» » Ақтөбелік оқушы әлем рекордын жаңартты

Ақтөбелік оқушы әлем рекордын жаңартты

Муса Туркумбаев 7 жасынан бастап ел назарында жүр.

ÐÒÑөбелÑк оÒÑÑÑ Óлем ÑекоÑдÑн жаңаÑÑÑÑ


Ақтөбеде «G-Strong Power Fest» фестивалі өтті. Алып күш иелері бақ сынаған фестиваль кезінде 9 жастағы Муса Туркумбаев кеудені жерден көтеріп ұстап тұрудан әлем рекордын жаңартты, деп жазады ҚазАқпарат.

Муса Туркумбаев 7 жасынан бастап ел назарында жүр. Ол турникке тартылудан, кеудені жерден көтеруден алдына жан салмайды. Өткен жылы Қазақстан рекордын жаңартты.

«2016 жылы Астана қаласында 9 жастағы Амир Махмет кеудені жерден көтеріп тұрудан әлем рекордын жаңартқан болатын. Ол 1 сағат 2 секунд шыдады. Бұл жолы Ақтөбеде өткен фестиваль кезінде Муса Туркумбаевның көрсеткіші 1 сағат 13 минут 2 секунд болып тіркелді. Кішкентай Муса жыл сайын осы фестивальге қатысып, рекорд жаңартуды әдетке айналдырған. Біз үнемі оны қолдап, аяқ алысын бақылап отырамыз. Қазір дзюдомен айналысып жүр. Спортшы Ақтөбенің мақтанышы, дәулеті», - деді қалалық спорт бөлімінің басшысы Евгений Гончаров.


09 қыркүйек 2019 ж. 208 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (9592)

18 ақпан 2020 ж.

№12 (9591)

15 ақпан 2020 ж.

№11 (9590)

11 ақпан 2020 ж.

Хабарландыру

Тұрғындар назарына!

19 ақпан 2020 ж. 39

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 817

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 737

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829