» » Қазақстандық боксшы әлем чемпионатында алтын алды

Қазақстандық боксшы әлем чемпионатында алтын алды

Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен 2019 жылғы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бекзат Нұрдәулетов

Финалда 81 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрдәулетовтің қарсыласы өзбекстандық 20 жастағы Дилшодбек Рузметов болды. Екі боксшы үшін де бұл - әлем чемпионаты карьераларындағы дебют. 

Әлем чемпионаты-2019 кезінде финалға шыққанға дейін Нұрдәулетов оңтүстіккореялық Хонга Инги, венесуэлалық Корбай Баррера, бразилиялық Кено Мачадо, түрік Байрам Малкан және олимпиада чемпионы Хулио Сесар ла Крусты жеңді.
 
Қазақстандық Мачадодан басқасының бәрін нокдаунға жіберді. 21 жастағы Нұрдәулетов 20 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан бірінші болып шықты. Әзірге ақтаулық боксшының қанжығасында 2016 жылғы жастар чемпионатында алған қола бар. Мұнымен қатар, 2009 жылдан бастап  81 килограмға дейінгі салмақтағы алғашқы чемпион. 

Естеріңізге сала кетсек, Бекзат Нұрдәулетовтың төрт дүркін әлем чемпионын ойсырата жеңгені туралы хабарлаған едік. 

stan.kz
23 қыркүйек 2019 ж. 130 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (9566)

16 қараша 2019 ж.

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 251

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 298

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930