» » Головкин Деревянченконы жеңді

Головкин Деревянченконы жеңді

 Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жек аяқталды.
 
  Головкин алғашқы раундта қарсыласын нокдаунға жібергенімен, украиналық боксшы орнынан тұрып жекпе-жекті жалғастырды. Екінші раундта Деревянченко бірнеше соққыны өткізіп алды. Келесі раундтарда боксшылар соққы алмасып, тең бокстасты. Екі боксшы да ерте аяқтауға тырысқан жекпе-жек 12 раундқа созылды. Судьялардың бірауыз шешімімен Головкин жеңіске жетіп, орта салмақ дәрежесіндегі IBF және IBO титулдарын иеленді.

   Осыған дейін боксшылардың жекпе-жектен табатын табыстары белгілі болған еді. Головкин жекпе-жек үшін 15 миллион АҚШ долларын, Деревянченко өз кезегінде 4 миллион АҚШ долларын алады, бірақ оған кепілдендірілген сома - 5,2 миллион АҚШ доллары.
06 қазан 2019 ж. 89 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031