» » Қазақ қызы шахматтан әлем чемпионатында алтын алды

Қазақ қызы шахматтан әлем чемпионатында алтын алды

Үндістанда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Меруерт Камалиденова алтын жүлдені қанжығасына байлады. Ол қыздар арасында 14 жасқа дейінгі категорияда әлемнің 42 елінен келген 82 шахматшының ішінен үздік атанды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлем чемпионатында Назерке Нұрғали екінші орын алды

Сонымен бірге, 16 жасқа дейінгі категорияда 70 шахматшының ішінен Назерке Нұрғали екінші орынды иеленіп, Қазақстанға медальмен оралды. 

«Жеке турнирлерде екі медальмен қатар, Қазақстан жалпы командалық есепте 3-орынға ие болды. Әлем чемпионатына жасөспірімдер арасында бірнеше жүздеген үздік шахматшылар қатысты және біздің ойыншылар лайықты нәтижелер көрсетті», - дейді Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушысы Әнуар Исмағамбетов.

Ойындардың нәтижелері бойынша төрт қазақстандық Меруерт Камалиденова, Назерке Нұрғали, Әсел Серікбай және Рамазан Жалмаханов халықаралық шеберлердің нормаларын орындады.

«Қазақстандағы балалар арасындағы шахмат қарқынды дамып келеді, халықаралық чемпионаттардан жиналған медальдар жылдан-жылға артуда, - дейді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко, - Қазіргі жасөспірімдер – бұл келешекте елімізді әлемнің шахмат аренасының жаңа деңгейіне шығаратын негізгі құрама екенін түсінуіміз қажет».

Жасөспірімдер арасындағы шахмат бойынша әлем чемпионаты 64 елден 450-ден астам спортшыны жинады. Жарысқа Қазақстан атынан 9 шахматшы қатысты.

Қыздар арасындағы 18 жасқа дейінгі категорияда қызылордалық Әсел Серікбай үздік бестікке кірді. Сондай-ақ, Аманжол Сұлтан (14 жасқа дейін), Лия Құрманғалиева (14 жасқа дейін), Қазыбек Нөгербек (16 жасқа дейін), Әсел Лесбекова (16 жасқа дейін), Рамазан Жалмаханов (18 жасқа дейінгі) үздік жиырмалыққа кірді.
15 қазан 2019 ж. 197 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 74

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930