» » "Канеломен кездесу өткізгіміз келеді": Қанат Исламның менеджері мәлімдеме жасады

"Канеломен кездесу өткізгіміз келеді": Қанат Исламның менеджері мәлімдеме жасады

26 қазанда қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам намибиялық Уолтер Каутондоквамен жұдырықтасады. WBO International чемпиондық атағы сарапқа салынатын жекпе-жек Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді. Бұл кездесудің алдында Қанат Исламның менеджері батыл мәлімдеме жасады деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық боксшының менеджері Нельсон Лопес ертеңгі кездесуді әлемдік бокс жұлдызы Сауль Альвареспен жекпе-жек алдындағы "трамплин" деп есептейді.

"Егер Уолтермен жекпе-жек біз жоспарлағандай өтсе, онда одан кейін "Канеломен" жұдырық түйістіргіміз келеді. Біз бәріне дайынбыз.Әлемдік рейтингте 8-орындамыз, бірақ біз бірінші болуға тиіспіз. Сауль Альварес Қанат Исламмен жұдырықтасуы керек. Біздің командамыз бұл жекпе-жектің Қазақстанда өтуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды", – деген Нельсон Лопес Қазақстанға ақша үшін келмегенін, су жаңа әлем чемпионын көргісі келетінін алға тартты.


kaz.nur.kz

26 қазан 2019 ж. 338 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 53

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930