» » "Қазақстанның масқарасын шығарды": Желі қолданушылары Қанат Ислам жеңісті "сатып алды" деп сынады

"Қазақстанның масқарасын шығарды": Желі қолданушылары Қанат Ислам жеңісті "сатып алды" деп сынады

Қазақстандық жанкүйерлер Қанат Исламның WBO International чемпионы атағы үшін Уолтер Уолтер Каутондоквамен жекпе-жектегі жеңісінің әділетсіз екенін айтуда. Олар мұндай пікірлерін Instagram желісінде белсенді түрде бөлісуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еске сала кетсек, Алматы қаласында қазақстандық спортшы Қанат Ислам мен бұрынғы әлем чемпионы 34 жастағы намибиялық Уолтер Каутондоква арасындағы жекпе-жек өтті. Қазақстандықтар асыға күткен жекпе-жек 10 раундқа созылды. Төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен Қанат Ислам чемпиондық белбеуін қорғап қалды
Ал желі қолданушылары жекпе-жек нәтижесін әділетсіз деп тапты. Қанат Ислам «жеңісін сатып алды» деп жазды пікір қалдырушылардың кейбірі.
«WBO белбеуі үшін жекпе-жекте Қанат Исламның жеңіске жетуіне төрешілер көмектесті», «Масқара! Әділеттілік үшін жеңісті Каутондокваға беру керек. Тым болмағанда, теңбе-тең десе болар еді. Бұл бокс, балақай... Біздің боксшыларымыздың жекпе-жегін көруге деген құлшынысымызды су сепкендей басты. Әділетті әрі таза бокс үшін қандай өкінішті әрі нашар жағдай», «Генаға әділетсіздік жасады», - деп айтып аламыз да, ендігі өзіміз осындай әрекетке барамыз... Уолтер жеңді», «Қазақстанның масқарасын шығарды. Ендігі ол үшін барлығы төрешілерді, жеңісті сатып алады деп ойлайтын болады», «Мен, әрине, Қанатты қолдаймын. Алайда бүгін жеңілгенін мойындау керек. Қазақстандағы төрешілерге масқара. Қанатқа алдағы жекпе-жектерінде сәттілік тілеймін. Кей жерлерінде ол жеңілгенін өзі де түсінді. Қарсыластың командасы жеңетіндеріне 100 пайыз сенімді болды. Біздегі төрешілер үшін ішің ашиды», «Төрешілерге алғыс айт», - деп жазды пікір қалдырушылар. 
Instagram қолданушыларының тағы бір легі«Қанат қарсыласын нокдаунға жібергеннен кейін қашып жүрді» деп сынады. 
«WBO белбеуін иемденуге арналған лайфхак: нокдаунға жіберіп, қалған раундтарда қашып жүру», «Теңбе-тең деп жарияласа болатын еді ғой», «Қанат, сен жеңілдің немесе теңбе-тең. Мұндай белбеудің керегі қанша? Төрешілер саған көмектесіп, теңбе-тең дейтін болар деп ойладым. Алайда осындай басымдылықпен (97-92) жеңісті бергені масқара болды», «Қанаттан көп нәрсе күттім. Екіұдай сезімде қалдым. «Канело» мен Андрадеге дейін әлі алыс. Рингтің иесі емес пе? Не үшін қашады?» - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетсек, боксшының командасындағылардың хабарлауынша, жетінші раундтан бастап Қанат Ислам сынған оң қолына қарамастан жұдырықтасқан.


stan.kz

28 қазан 2019 ж. 2 070 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

№87 (9563)

05 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 237

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 289

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930