» » БАҚ: Роналду "Алтын доп-2019" жүлдесін жеңіп алады

БАҚ: Роналду "Алтын доп-2019" жүлдесін жеңіп алады

Corriere dello Sport басылымы туриндік "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду "Алтын доп-2019" жүлдесінің иегері атануы мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды Eurosport.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Италиялық басылымның ақпараты бойынша, марапатты ұсынатын France Football журналының өкілдері "Ювентус" клубының спорт директоры Фабио Паратичи және Роналдумен кездескен.
Айта кетейік, 29 қазанда France Football-да Криштианудың сұхбаты жарияланды.
"Алтын доп-2019" жүлдесінің иегері 2 желтоқсан күні анықталады.
Бір апта бұрын беделді France Football француз басылымы 2019 жылғы үздік футболшы атағына үміткерлердің тізімін жариялады.
"Алтын допқа" үміткер 30 футболшының есімі белгілі болды.
Олардың арасында Роналдудан бөлек, "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси мен "Ливерпуль" қорғаушысы Вирджил ван Дейк бар.
"Ювентус" шабуылшысы өткен маусымда клуб сапында Италия чемпионы атанды.
Ал Португалия құрамасымен "Ұлттар лигасының" жеңімпазы болды.
Осы маусымды да футболшы қарқынды бастады.
Ол Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінде Украина қақпасына мансабындағы 700 добын соқты.
Олар Пеле, Ромарио, Ференц Пушкаш, Йозеф Бицан және Герд Мюллер.

30 қазан 2019 ж. 140 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

№87 (9563)

05 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 237

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 289

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930