» » Ереже бұзғаны үшін ойыннан шығарылған қазақстандық футболшы жылап жіберді

Ереже бұзғаны үшін ойыннан шығарылған қазақстандық футболшы жылап жіберді

Ереже бұзғаны үшін ойыннан шығарылған қазақстандық футболшы жылап жіберді (видео)«Динамо-Брест» клубының қазақстандық жартылай қорғаушысы Владислав Васильев Беларусь чемпионатының ағымдағы маусымында екінші рет қызыл карточкаға ие болды. Ол «Ислочь» клубымен ойын кезінде ойыннан шығарылып, көз жасын ұстай алмады.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 
«Ислочь» клубымен ойын кезінде Васильев бастапқы құрамның қатарында ойын көрсетті. Алайда ойынның 74-минутында «Арсенал» және «Барселонаның» бұрынғы жартылай қорғаушысы Александр Глебке қарсы ереже бұзғаны үшін ойыннан шығарылды. Қазақстандық футболшы алаңнан кетіп бара жатып көз жасына ерік берді.

Ал ойын 1:1 есебімен аяқталды. Ойынның 23-минутында шабуылшы Артем Милевский гол салып, «Динамо-Брест» клубы есеп ашты. Алайда 33-минутта «Ислочь» «Атыраудың» бұрынғы ойыншысы Александр Макасьтің голымен есеп теңестірді.

stan.kz

11 қараша 2019 ж. 183 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 53

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930