» » Азия чемпионаты: Қазақстан 6, Өзбекстан 3 алтын медаль алды

Азия чемпионаты: Қазақстан 6, Өзбекстан 3 алтын медаль алды

10-17 қараша аралығында Монғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласындағы «Buyant Ukhaa» спорт сарайында бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті. Туринге 2001-2002 жылдары дүниеге келген боксшылар қатысты. 

Жас боксшылар арасында өткен құрлық біріншілігі Қазақстан құрамасы үшін табысты болды деуге толық негіз бар. Себебі, біздің боксшылар бұл сында 6 алтын, 6 күміс, 2 қола медаль алып, жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды. Ал Өзбекстан құрамасы екінші орынға жайғасты.
Кезекті чемпионаттың жартылай финалына 15 қазақстандық боксшы жолдама алған. Олардың тоғызы жігіт, алтауы бұрымды боксшы болатын.
Жартылай финалға жеткен жігіттер: Базарбайұлы Мұхаммедсабыр (49 келі), Махмуд Сабырхан (52), Бейбарыс Жексен (56), Дархан Дүйсебай (64), Марғұлан Айдарұлы (69), Азамат Бектас (75), Ерасыл Жақпеков (81), Тоғамбай Сағындық (91) және Сабырғали Аманат (+91).
Қыздар - Анель Сакыш (51 келі), Ұлжанай Мамутова (60), Балжан Асқар (64), Мая Бейсебаева (69), Арайлым Бақытжанқызы (81) және Гүлсая Ержан (+81).
Аталған 15 боксшының үшеуі 1/2 финалда сүріп, қола медалді қанағат тұтты. Олар: Марғұлан Айдарұлы (69 келі), Ерасыл Жақпеков (81) және Балжан Асқар (64).
Осылайша финалға Қазақстан құрамасынан он екі боксшы шықты. Ал Өзбекстан, Қытай және Үндістан құрамаларынан алты, Тайландтан төрт, Жапония, Тайпей, Қырғызстан және Оңтүстік Кореядан бір боксшы финалға жолдама алды.
Ақтық сында жұдрықтасқан 12 қазақстандықтың алтауы алтын медаль алды. Өкініштісі, финалға шыққан бес бұрымды боксшымыздың бесеуі де күміс медалді қанағат тұтты.
Қазақстандық ер боксшылардың қатысуымен өткен финалдық жекпе-жектердің нәтижелері:
49 келі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы - Селай Сой (Үндістан) - 4:1
52 келі Махмуд Сабырхан - Сухет Суравут (Тайланд) - 5:0
56 келі Бейбарыс Жексен - Хуршидбек Расулжонов (Өзбекстан) - 5:0
64 келі. Дархан Дүйсебай - Жавлонбек Юлдошев (Өзбекстан) - 5:0
75 келі Азамат Бектас - Сухробжон Каимов (Өзбекстан) - 1:4
91 келі Тоғамбай Сағындық - Самадов Амиршох (Өзбекстан) - 5:0
+91 кг. Аманат Сабырғали - Ю Донг Джин (Оңтүстік Корея) - 5:0.
Финалда өнер көрсеткен бұрымды боксшыларымыз: 
Анель Сакыш (51 келі),
Ұлжанай Мамутова (60),
Мая Бейсебаева (69),
Арайлым Бақытжанқызы (81),
Гүлсая Ержан (+81).
Ерлер арасындағы жалпыкомандалық есеп:
1. Қазақстан — 6-1-2 (9)
2. Өзбекстан — 3-3-2 (8)
3. Жапония — 1-0-2 (3).


Қуаныш Қаппас
abai.kz













18 қараша 2019 ж. 81 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9572)

07 желтоқсан 2019 ж.

№95 (9571)

04 желтоқсан 2019 ж.

№94 (9570)

30 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 485

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 472

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031