» » Әлемнің ең қымбат футбол командалары

Әлемнің ең қымбат футбол командалары

Әлемнің ең қымбат футбол командалары
«Манчестер Юнайтед» Құны: $2 миллиард 235 миллион (+20%)  Мемлекет: Англия  Иесі: Глейзер отбасы Қаржы түсімі: $532 млн  Операциялық пайда: $178 млн Барлық спорт түрлері бойынша, әлемдегі ең қымбат команда. Аталған құраманың жеткен жетістіктері: Ағылшын Премьер-лигасында 19 рет жеңіске жеткен және осы жылы да жеңіске жету мүмкіндігі жоғары. Өткен жылы команда Чемпиондар Лигасының финалына шыққаны үшін УЕФА-дан 80 млн $ алған болатын.  «Реал Мадрид» Құны: $1 миллиард 877 миллион (+29%)  Мемлекет: Испания  Иесі: клуб мүшелері Қаржы түсімі: $695 млн  Операциялық пайда: $214 млн Ең табысты команда болып қана қоймай сонымен қатар 2011 жылы әлемдегі ең жоғары операциондық пайда көрсеткішіне қол жеткізген құрама. Чемпиондар лигасының жартылай финалына жолдама алғаны үшін аталған команда 59 млн$ алды. «Барселона» Құны: $1 миллард 307 миллион (+34%)  Мемлекет: Испания  Иесі: клуб мүшелері (socios)  Қаржы түсімі: $653 млн  Операциялық пайда: $96 млн 2011 жылы Чемпиондар лигасында жеңіске жету және Лионель Мессидің керемет ойының арқасында "Барселона" командасы 2011 жылы телекөрсетілімнен түскен пайда бойынша, ең жоғары көрсеткішке ие - 266 млн$. Сонымен қатар, команданың иелігінде Еуропадағы ең үлкен стадион бар (99 400 көрермен). «Арсенал» Құны: $1 миллиард 292 миллион (+8%)  Мемлекет: Англия  Иесі: Стэн Кронке  Қаржы түсімі: $364 млн  Операциялық пайда: $98 млн Бұл команда бірнеше жыл бойы жеңіс трофейлеріне қол жеткізе алмай келеді. Дегенмен ағымдағы жылда ағылшын премьер-лигасында 3-орында және құраманың жарқын жұлдыздары сонда да көрерменнің назарында. «Бавария» Құны: $1миллиард 235 миллион (+18%)  Мемлекет: Германия  Иесі: клуб мүшелері Қаржы түсімі: $466 млн  Операциялық пайда: $90 млн 2011 жылы Чемпиондар лигасында жақсы нәтиже көрсете алмаған соң, команданың табысы 14 пайызға азайған болатын. Алайда команданы 2019 жылға дейін команда спонсоры болып есептелетін және жылына орта есеппен 36 млн $ төлейтін Adidas компаниясы құтқарады. Ағымдағы жылы "Бавария" құрамасы жақсы ойын көрсетіп, Чемпиондар лигасының ақтық ойынына жолдама алды, соынмен қатар Германия біріншілігінде 2-орында келеді. «Милан» Құны: $989 млн (+18%)  Мемлекет: Италия  Иесі: Сильвио Берлускони  Қаржы түсімі: $341 млн  Операциялық пайда: $29 млн. Ең қымбат италиьяндық команда. Осы жылы Италия біріншілігінде жеңіске жету мүмкіндіктері жоғары командалардың бірі. Audi, Sky Italia, Taci Oil және Emirates компанияларымен құрған спонсорлық келіссөздерд командаға 2011 жылы 133 млн$ алып келді. «Челси» Құны: $761 млн (+16%)  Мемлекет: Англия  Иесі: Роман Абрамович  Қаржы түсімі: $362 млн  Операциялық пайда: $76 млн "Челси" осы жылы чемпиондар лигасының финалисі және ақтық ойында "Бавария" құрамасымен күш сынасаытн болады. Сонымен қатар, Англия кубогының да финалисі болып табылады. Клуб иесі  Роман Абрамович өткен жылы команда шығынын 11 пайызға қысқартқан болатын. «Ливерпуль» Құны: $619 млн (+12%)  Мемлекет: Англия  Иесі: Джон Генри, Том Вернер  Қаржы түсімі: $295 млн  Операциялық пайда: $45 млн Бұл команданың спорттық жетістіктері өте қарапайым. Қазіргі кезде клуб ағылшын премьер-лигасында 8-орында және Чемпиондар лигасына жолдама алуға ешқандай мүмкіндіктері жоқ. «Ювентус» Құны: $591 млн (-8%)  Мемлекет: Италия  Иесі: Аньелли отбасы Қаржы түсімі: $223 млн  Операциялық пайда: $38.0 млн "Ювентус" құрамы Италия бірінішілігінде әзірше екінші орында келеді. Команданың спонсоры - Nike - 2016 жылға дейін италияндық құрамаға жылына 18 млн$-дан төлейтін болады. «Шальке 04» Құны: $587 млн (+56%)  Мемлекет: Германия  Иесі: клуб мүшелері Қаржы түсімі: $293 млн  Операциялық пайда: $101 млн Клубтың табысы 2011 жылмен салыстырғанда екі есеге ұлғайған. Команда Германия кубогын жеңді және Чемпиондар лигасының жартылай финалына дейін жетті. Осы жылы Бундеслига біріншілігінде 3-орында келеді.

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/sport/makala/1688
30 қараша 2019 ж. 64 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9572)

07 желтоқсан 2019 ж.

№95 (9571)

04 желтоқсан 2019 ж.

№94 (9570)

30 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 485

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 472

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031