» » Мәслихат: 25 жылдыққа арналған шара

Мәслихат: 25 жылдыққа арналған шара

З.Жарқынбаев атындағы №202 орта мектепте Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылуына 25 жыл толуына орай волейболдан аудандық турнир өтті.
Турнирге кент, ауылдық округтерден, аудандық бөлім, мекеме қызмет­керлерінен құралған 44 команда, 450-ге жуық спортшы қатысты. Спорттық доданы ашқан аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Биыл тәуелсіз Қазақстанның қа­лып­­тасу жолында қоғамды одан әрі демократияландыруға халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға өлшеу­сіз үлес қосып келе жатқан жергілікті мем­лекеттік басқарудың бір тармағы өкі­летті орган Қазақстан Республикасы мәсли­хатының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Қазір еліміздегі түрлі деңгейдегі мәслихаттарда 3300-ден астам депутат болса, оның ішінде біздің облыстағы жергілікті мәслихаттарда 145 депутат бар, оның 29-ы облыстық, 13-і Жалағаш аудандық мәслихат депутаттары. Осы орайда аудан тұрғындары атынан аудандық мәслихаттың барлық шақырылымдағы депутаттарын мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Мерейлі мереке қарсаңында мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі бұқаралық спорт түрін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыруға айрықша назар аударып, ұйымдастырылған игі істеріңізге сәттілік тілеймін, – деді аудан басшысы.
Сондай-ақ аудандық мәслихат хатшы­сы Мейрамбек Еспанов, турнирдің бас төрешісі Дархан Кіребаев сөз сөйлеп, жарыстың маңыздылығын, ережесін айтып өтті. Турнирге келген спортшылардың барлығы үздік өнер көрсетіп, жарыс қорытындысы бойынша І орынды №123 мектеп-лицей командасы жеңіп алды. Ал ІІ орынды аудандық спорт бөлімі иеленсе, ІІІ орын №232 орта мектеп командасына бұйырды. Жеңімпаздарға арнайы кубоктар табысталып, қаржылай сертификаттармен марапатталды.

Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ

10 желтоқсан 2019 ж. 213 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (9640)

11 тамыз 2020 ж.

№60 (9639)

08 тамыз 2020 ж.

№59 (9638)

04 тамыз 2020 ж.

Сұхбат

САЛАДА СЕРПІЛІС БАР
11 тамыз 2020 ж. 54

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31