» » Зидан "Реал" базасы маңында жол-көлік оқиғасына ұшырады

Зидан "Реал" базасы маңында жол-көлік оқиғасына ұшырады

© autonews.ru

"Реалдың" бас бапкері Зинедин Зидан мадридтік клубтың Вальдебебастағы жаттығу базасының маңында жол-көлік оқиғасына ұшырады, - деп хабарлайды AS.com.

Оқиға команданың жаттығуы алдында болған. Зиданның көлігі басқа көлікпен соқтығысып, бапкердің темір тұлпары бүлінген.

Басылым мәліметінше, бапкердің өзі зардап шекпеген. Оқиғадан кейін Зидан соқтығысқан өзге көліктің жүргізушісімен сөйлесіп, жағдайды реттеген екен. 

Болған оқиғаға қарамастан, Зидан жаттығуға уақытында келіп, оны өткізген. Осыдан кейін баспасөз мәслихатына барған. 


kaz.tengrinews.kz
10 ақпан 2020 ж. 238 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (9652)

22 қыркүйек 2020 ж.

№72 (9651)

19 қыркүйек 2020 ж.

№71 (9650)

15 қыркүйек 2020 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930