» » Токиодағы Жазғы олимпиада ойындары 2021 жылға ауыстырылды

Токиодағы Жазғы олимпиада ойындары 2021 жылға ауыстырылды

Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындары бір жылғa, 2021 жылға ауыстырылды. Бұл туралы бүгін Халықаралық Олимпиада комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақстан Олимпиада комитеті.
Aталған шешім бүгін, 24 наурызда қабылданды. Жапония премьер-министрі Синдзо Aбэ мен Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томaс Бах бірлесе осындай шешімге келді.  
Қоңырау-конференц кезінде коронавирус індетінің жылдам таралуының салдарынан әлемде жағдайдың ушыққанын тілге тиек етті.  
Осы жағдайды ескере отырып, ХОК президенті мен Жапония премьер-министрі Олимпиада ойындары 2020 жылдан 2021 жылдың жазынан кейінге қалдырмай өткізу туралы шешімге келді.  
"Токиодағы Олимпиада ойындары осындай қиын кезде әлемге үміт сыйлауы мүмкін. Олимпиада алауының сәулесі шуағын шашып тұрады. Сондықтан, Олимпиада алауы Жапонияда қалады деген шешім қабылданды", - делінген хатта. Айта кетерлігі, XXXII жазғы Олимпиада ойындары Токиода 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы арасында өтуі тиіс еді.
24 наурыз 2020 ж. 57 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (9601)

21 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930