» » "Реал" тарихында 34-рет Испания чемпионы атанды

"Реал" тарихында 34-рет Испания чемпионы атанды

Фото: © REUTERS


Мадридтік "Реал" "Вильярреалды" жеңіп, футболдан Испания чемпионы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

37-турдың кездесуі "Реалдың" қосалқы стадионында өткен. Матч 2:1 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапында Карим Бензема дубль жасады - ол 29 минутта есеп ашып, 77-минутта пенальтиден мүлт кетпеді. Ал "Вильярреал" сапында 83-минутта Висенте Иборра көзге түсті. 

Осылайша, "Реал" 86 ұпай жинап, чемпионаттың бітуіне бір тур қалғанда Испания чемпионы атанды. Мадридтік клуб мұндай атақты 34-рет иеленіп отыр. 

"Реал Мадрид" Испания чемпионатында соңғы рет 2016/17 жылғы маусымда топ жарған болатын. 

Айта кетейік, 79 ұпаймен екінші орында келе жатқан "Барселона" 37-турда өз алаңында "Осасунаға" 1:2 есебімен жол берді. 
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 
КӨП ОҚЫЛҒАНДАР








17 шілде 2020 ж. 167 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53(9632) 14

14 шілде 2020 ж.

№52 (9631)

11 шілде 2020 ж.

№51 (9630)

08 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31