» » Месси "Барселонадан" кетпекші

Месси "Барселонадан" кетпекші

"Барселонаның" шабуылшысы, аргентиналық Лионель Месси клуб басшылығына командадан кету туралы шешім қабылдағаны туралы мәлімдеген. Бұл туралы Reuters-ке сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін клуб басшылығы футболшыны командада ұстап қалу сәтсіз болған жағдайда оны "сатуға" рұқсат беретіні туралы хабарланған болатын.
15 тамызда каталондықтар Чемпиондар лигасынан шеттетілгеннен кейін Месси командадан кетуді ойлағаны хабарлаған. Барселона турнирдің ширек финалында Мюнхеннің Бавария клубынан (2: 8) есебімен ойсырай жеңілді. Жеңілістен кейін Барселона бапкері Кике Сетиенді орынан алып тастаған. Оның орнына Рональд Киман, Барселонаның, Голландия құрамасының экс-ойыншысы келген.
Месси бұған дейін клубқа қатысты наразылығын білдірген. Оның келісімшарты 2021 жылы аяқталады. Сонымен қатар, аргентиналық ойыншы  Испания чемпионатында Осасунадан жеңілгеннен кейін командадағы жағдайды сынға алған.
33 жастағы Месси 2003 жылдан бері "Барселона" клубының қоғаушысы болып келеді.

27 тамыз 2020 ж. 213 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (9652)

22 қыркүйек 2020 ж.

№72 (9651)

19 қыркүйек 2020 ж.

№71 (9650)

15 қыркүйек 2020 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930