» » ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫНАН 13 ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ!

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫНАН 13 ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ!

Қызылордалық спортшылар стенд атудан өткен ҚР кубогының бірінші кезеңінде табысты өнер көрсетті. Шымкент қаласында стенд атудан өткен дүбірлі бәсекедежерлестеріміз 13 жүлдені жеңіп алды.
    Микс-трап түрібойынша Әлішер Айсалбаев пен Виолетта Ягодарова Кубок жеңімпазы атанса, трап скиттен Рамазан Серікбай мен Светлана Пенькова қола жүлдені иеленді.
    Дубль-траптан Айжан Досмағамбетова, Максим Коломоец алтын, Виолетта Ягодарова, Максим Зорин қола жүлделерге ие болды.
    Скит бойынша Светлана Пенькова екінші орынды алса, траптан Айжан Досмағамбетова бірінші, Әлішер Айсалбаев екінші, Виолетта Ягодарова үшінші орындарды еншіледі. Сондай-ақ, спортинг бойынша Азамат Жалғасбек қола жүлдегер атанды.
    Облыстық жоғары спорт шеберлігі, №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептерінде және олимпиадалық резерв даярлау орталығында тәлім алатын спортшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Максим Коломоец дайындады.
    Спортшылар енді 26 наурыз бен 2 сәуір аралығында Алматы қаласында өтетін халықаралық турнирге қатысады.


https://syr-media.kz
13 наурыз 2018 ж. 141 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (9465)

13 қараша 2018 ж.

№85 (9464)

10 қараша 2018 ж.

№84 (9463)

06 қараша 2018 ж.

Сұхбат

12 жасар композитор
28 қыркүйек 2018 ж. 290

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930