» » Токио Олимпиадасы: тағы бір боксшымыз жеңіске жетті

Токио Олимпиадасы: тағы бір боксшымыз жеңіске жетті

Токио Олимпиадасында 52 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Бибосынов пуэрторикалық Янкьель Ривера Фигероаға қарсы шықты. Екеуі де ашық бокстасты. Төрешілердің шешімімен Бибосынов 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Бұған дейін Серік Теміржанов (57 келі) пен Закир Сафиуллин (63 келі) алғашқы жекпе-жектерін сәтті өткізген.  

Олимпиадада қазақстандық боксшылар барлық салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Олар: Сәкен Бибосынов (52 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Закир Сафиуллин (63 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) пен Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары).

Ал әйелдер арасындағы бокста ел намысын жалғыз Надежда Рябец (75 келі) қана қорғайды.
26 шілде 2021 ж. 93 0