» » Александр Винокуров Ниццада өткен Ironman 70.3 веложарысында чемпион атанды

Александр Винокуров Ниццада өткен Ironman 70.3 веложарысында чемпион атанды

винокуровҚазақстандық "Астана" велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров Ниццада өткен Ironman 70.3 жарысында өз жас тобында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.


Винокуров жүзуден, жүгіруден және велосипедпен жүріп өтуге тиіс қашықтықты 4 сағат 55 минут 22 секундта бағындырды.

"Отыз жылдың ішінде Қазақстан мен біздің халқымыз үлкен қиындықтарды бастан өткерді. Сондай-ақ, үлкен күш-жігердің арқасында тиісті нәтижелерге жете алған. Бүгінгі сайыстағы жеңісімді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаймын", - деп жазды Винокуров өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Александр Винокуров - қазақстандық кәсіби велошабандоз. Ол "Вуэльта Испания 2006" сайысының жеңімпазы және 2012 жылғы топтық жарыста Олимпиада ойыдарының чемпионы.
13 қыркүйек 2021 ж. 282 0

№75 (9755)

21 қыркүйек 2021 ж.

№74 (9754)

18 қыркүйек 2021 ж.

№73 (9753)

14 қыркүйек 2021 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930