» » Зарина Дияс Astana Open WTA 250 турнирінің ең ұзақ ойынында жеңіске жетті

Зарина Дияс Astana Open WTA 250 турнирінің ең ұзақ ойынында жеңіске жетті

Қазақстандық Зарина Дияс Astana Open WTA 250 турнирінің бірінші раундында ресейлік Анастасия Захарованы ұтты.

Қазақстандық Зарина Дияс Нұр-Сұлтандағы жарыстың бірінші раундында үш сеттен тұратын тартысты кездесуде ресейлік Анастасия Захарованы 7: 6 (8: 6), 4: 6, 7: 5 есебімен ұтты.

Бұған дейін спортшылар бір-бірімен кездеспеген.

Astana Open WTA 250 турнирінің екінші турында Дияс швециялық Ребекка Петерсонмен кездеседі. Матч ертең, 29 қыркүйекте өтеді.
29 қыркүйек 2021 ж. 710 0