» » Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин үлкен спортқа қайта оралмақшы

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин үлкен спортқа қайта оралмақшы


Алғашқы қазақстандық екі дүркін Олимпиада чемпионы, ауыр атлет Илья Ильин үлкен спортқа қайта оралуы туралы пікір білдірді.

Бұл туралы Sports.kz хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
«Ауыр атлетикамен айналысуды он күн бұрын ғана бастағандықтан, мінсіз физикалық формаға шамамен 40% ғана жақынмын. Дегенмен спорттық дайындықты назардан тыс қалдырмадым. Жүгіріп, суда жүзіп, футбол ойнап жаттығып жүрдім. Бұрынан 32 жасқа дейін ауыр алтетикамен айналысу туралы жоспарлағанмын», – деді Илья Ильин Kazakh TV Youtube-арнасына  берген сұхбатында.
Сонымен қатар, қазақстандық ауыр атлет бұрыннан бері Токия Олимпиадасында топ жаруды армандағынын да айта кетті.
«Әрине, мен төрт дүркін Олимпиада чемпионы болуды армандаймын. Біріншіден, мен қазір он жыл бұрын жоспарлаған жоспармен жүріп келемін. Екіншіден, мен бұл спортты жақсы көремін. Өз ісімді сапалы әрі әдемі көрсете аламын. Оның үстіне мен әлі жаспын. 29 жас – бұл спортшының «шыңы». Себебі менде ақылмен саралау, шеберлік пен тәжірибе, жалпы дайындық жеткілікті», – деді спортшы өзінің сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, Илья Ильиннің сынамасынан допинг табылып, 2008 және 2012 жылдары өткен Олимпиада ойындарының алтын жүлделерінен айырылған еді. IWF хабарлауына қарағанда, Қазақстандық спортшыны дисквалификациялау мерзімі 2018 жылдың 19 қазанында аяқталады.


http://stan.kz
29 наурыз 2018 ж. 393 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031