» » «Реалдың» төрт футболшысы коронавирус жұқтырып алды

«Реалдың» төрт футболшысы коронавирус жұқтырып алды

Чемпиондар лигасының 13 дүркін, Испания чемпионатының 34 дүркін жеңімпазы саналатын «Реал» футбол клубының 4 футболшысы коронавирустық инфекция жұқтырып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Деректерге сенсек, команданың негізгі қақпашысы Тибо Куртуа, жартылай қорғаушылар Федерико Вальверде мен Эдуард Камавинга және шабуылшы Винисиус Жуниор коронавирус дертіне шалдыққан.  

Бұған дейін мадридтік команданың Испаниядағы басты қарсыласы «Барселонаның» жеті, «Валенсия» футбол клубының төрт футболшысы коронавируспен ауырып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын.

Қазіргі кезде «Реал» футбол клубы ла-лигада көш тізгінін қолда ұстап тұр. 19 ойыннан кейін 46 ұпай жинаған корольдік клубты жақын арада басқа команданың қуып жетуі екіталай.
30 желтоқсан 2021 ж. 393 0