» » 5 МАМЫРДА ГОЛОВКИНГЕ КІМДЕР ҚАРСЫЛАС БОЛА АЛАДЫ

5 МАМЫРДА ГОЛОВКИНГЕ КІМДЕР ҚАРСЫЛАС БОЛА АЛАДЫ


WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) 5 мамырда айқасатын қарсыласы әлі белгісіз, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
  Ирландық Гэри О'Салливан (27-2, 19 КО) потенциалды үміткер деп есептелген еді, алайда бұл айқастың болмайтыны белгілі болды: «Спайктың» қызығушылығын ұсынатын Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы гонорар мен жекпе-жекке дейін уақыттың аз болуына байланысты бас тартқан.
  Қазіргі таңда үш үміткер бар. Бірінші - IBF желісі бойынша міндетті үміткер Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО). Екінші үміткер - Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО), ол Головкинмен жұдырықтасуға дайын, бірақ бұл жекпе-жекті IBF қаламайды. Басқа да бокс ұйымдары мен Калифорния штатының Атлетикалық комиссиясы (айқас Карсонда, StubHub аренасында өтуі мүмкін) Мартиросянның үміткерлігін мақұлдады. Үшінші үміткер - бразилиялық Ямагучи Фалькао (15-0, 7 КО), оның да ісін Golden Boy жүргізіп жатыр, бұл нұсқаны О'Салливанның орнына ұсынған болатын.
  5 мамыр күні айқас мүлдем болмауы мүмкін деген нұсқаны да жоққа шығармау керек. Алайда, Головкин таяуда берген сұхбатында дәл осы күні рингке шыққысы келетінін айтты.


https://kyzylorda-news.kz
12 сәуір 2018 ж. 220 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (9465)

13 қараша 2018 ж.

№85 (9464)

10 қараша 2018 ж.

№84 (9463)

06 қараша 2018 ж.

Сұхбат

12 жасар композитор
28 қыркүйек 2018 ж. 348

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31