» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНАН 1-ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНАН 1-ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ


Байқоңыр қаласында әмбебап жекпе-жектен 2000-2001 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Жарысқа Астана, Алматы қалаларынан және облыстардан 12 команда 180 спортшы қатысып, 14 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. 
Нұрбек Жармаханов пен Қазыбек Алтыруовтан тәлім алатын жерлестеріміз 8 жүлдені қоржынға салып, жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алды. Екінші орынды Алматы қаласы, үшінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары иеленді. 
Жекелей сында Ғазиза Айболатова (47 келі), Нұрлыхан Тілектесов (50 келі), Нұржан Құлтаев (55 келі), Аружан Боранбаева (67 келі)және Мақсат Саутбеков (70 келі)Қазақстан жеңімпаздары атанды. 
65 келі салмақта сынға түскен Айдос Жолдығұлов күміс, 65 келіде Әділет Бекболатұлы мен 80 келіде Рүстем Есенов қола жүлделерге ие болды. 
Қазақстан жеңімпазы болған 5 спортшы үстіміздегі жылдың мамыр айында Сингапурда өтетін Азия чемпионатына қатысады. 









https://kyzylorda-news.kz


16 сәуір 2018 ж. 157 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (9465)

13 қараша 2018 ж.

№85 (9464)

10 қараша 2018 ж.

№84 (9463)

06 қараша 2018 ж.

Сұхбат

12 жасар композитор
28 қыркүйек 2018 ж. 348

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31