» » Геннадий Головкин қарсыласын екінші раундта нокаутпен жеңді

Геннадий Головкин қарсыласын екінші раундта нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин қарсыласы Ванес Мартиросянды жеңіп, өз титулдарын қорғап қалды.
Головкин бірінші раундтан бастап шабуылдап, қарсыласына мүмкіндік бермеді. Алайда Мартиросян да бірнеше соққыларын дарыта алды. Бірінші раунд қазақстандықтың басымдығымен аяқталды. Екінші раундтың басында Мартиросян тізерлеп отырып қалды, алайда дереу тұрып, жекпе-жекті жалғастырды. Головкин тактикасын өзгертіп, қарсыласын соққының астына алып, бұрыштан шығармады. Өз кезегінде Мартиросян да соққылар сериясын жасауға тырысып қалды. Дегенмен де Генаның ауыр соққылары Ванеске ауыр тиіп, нокауттан кейін қайта тұра алмады. Осымен, Мартиросян үшін спорттық мансабында бұл жеңіліс төртінші болды. Жалпы ол 41 жекпе-жек өткізіп, оның 36-сында жеңіске жеткен еді. Бұл жекпе-жек Карсондағы (АҚШ, Калифорния штаты) StubHub Center аренасында өтті.
06 мамыр 2018 ж. 580 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (9631)

11 шілде 2020 ж.

№51 (9630)

08 шілде 2020 ж.

№50 (9629)

04 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031