» » НАЗЕРКЕ НҰРҒАЛИ – әЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

НАЗЕРКЕ НҰРҒАЛИ – әЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

Мемлекеттің спорт саласына ерекше мән беріп, қолдау көрсетуінің арқасында шет елдерде талай мәрте Қазақстанның көк байрағы желбіреп, Әнұраны шырқалды. Яғни, соңғы жылдары спорт саласы қарқын алып, отандық спортшылар ел сенімін ақтап жүр. Дүбірлі додаларда жеңіс тұғырынан көрінгендер арасында облыс жастары да көп. Олардың ішінде есімін ерекше атап өтуге тұрарлық қыздарымыз да бар. 
Жуырда Албанияның Дюррес қаласында мемлекет мерейі асқақтады. Қызылордалық шахматшы Назерке Нұрғали 15 жасқа дейінгі оқушылар арасында өткен шахматтан әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл жағымды жаңалықты естіп, жерлесіміз үшін біз де қуандық.
Аталған чемпионатқа 40 елден 420 спортшы қатысып, жүлделерді сарапқа салды. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медальды қанжығасына байлады. Чемпионат барысында жас спортшы Назерке Нұрғали швейцар жүйесі бойынша классика түрінен Әлем чемпионы атанды. Елде шахматтың дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген жас спортшының бұған дейінгі жеткен жетістіктері аз емес.
Шахматтан 9 дүркін ҚР жеңімпазы, ФИДЕ шебері атанған ол 2014 жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатының күміс, 2015 жылы Оңтүстік Кореядағы Азия чемпионатының қола жүлдегері, 2015 жылы Сингапурда өткен оқушылар арасында Азия чемпионы, осы жылы Тайландтағы оқушылар арасында ұйым­дастырылған Әлем чемпионатының қола, 2016 жылы Азия чемпионы (рапид), күміс (классика), 2017 жылы Азия чемпионатының қола, 2017 жылы Румынияда оқушылар арасында Әлем чемпионатының күміс, 2018 жылы Тайландта Азия чемпионатының күміс жүлдегері және осы жылы Албанияда өткен шахматтан оқушылар арасында әлем чемпионы атанған.
Иә, шынында шахмат – логикалық ой-өрісті машықтандыратын спорт түрі. Шағын ғана шахмат тақтасы ойыншылар үшін түрлі айла-тәсілді жүзеге асыратын соғыс алаңы. Ойын кезінде егер шахматшы бірінші болып жүретін болса, онда ол ойынды бастау үшін 20-дан астам түрлі әдісті пайдалануға мүмкіндігі бар, ал қарсыласы жауап қайтару үшін 400-ге жуық амалды қолдана алатын көрінеді. Қарап отырсақ, ой мен ішкі түйсікті қатар іске қосып, шахмат алаңында тартысты ойын көрсету көптің қолынан келмейтін өнер екенін білеміз. Жас та болса осыншама жетістікке жетіп үлгерген Назерке тамыз айында Моңғолияда Азия чемпионатына, қыркүйекте Түркияда Әлем чемпионатына қатысады. Аталған жарыстарда Назерке 20 жасқа дейінгі қыздар арасында ойын көрсетеді. Біз жерлесімізге тек жеңіс тілейміз!

Н.АЛМАС.
15 мамыр 2018 ж. 78 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9439)

11 тамыз 2018 ж.

№59 (9438)

07 тамыз 2018 ж.

№58 (9437)

04 тамыз 2018 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

20 шілде 2018 ж. 33

Жол уақытша жабылады

10 шілде 2018 ж. 58

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031