» » Үшінші мәрте Азия чемпионы

Үшінші мәрте Азия чемпионы


Окинава қаласында (Жапония) каратэ-доданөткен Азия чемпионатында жерлесіміз Мөлдір Жаңбырбай алтын жүлдені иеленді.
50 келіге дейінгі салмақта жастар арасында өнер көрсеткен Мөлдіржарыс барысында үш кездесу өткізді. Үш кездесудің нәтижесі: Үндістан  - 8:0, Малайзия  - 2:1,  Тайпей (финал) – 6:1. Қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген жас каратэші осымен жастар арасында үшінші мәрте Азия чемпионы атанып отыр.
3 дүркін Азия чемпионы Мөлдір Жаңбырбай:
Жарыс жоғары деңгейде өтті. 13 елден қатысқан спортшылар жақсы дайындықпен келген. Енді ағымдағы жылдың маусым айында Ақтау қаласына оқу-жаттығу жиынына барамын. Сол айда Түркияның Стамбул қаласында өтетін рейтингілік халықаралық жарысқа қатысамын. Яғни, бұл 2020 жылы Токиода болатын Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін рейтингтік ұпай жинау жарысы болмақ. Олимпиадаға жолдама алу үшін, ел намысын қорғауда бар күш-жігерімді саламын. 
Спортқа 6 жасында келген Мөлдір республикалық, халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап, өзге елдерде еліміздің Әнұранын асқақтатып, көк байрағын желбіретіп жүр.
Ол каратэ-додан ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, республикалық және халықаралық турнирлердің көпдүркін жеңімпазы, 3 дүркін Азия (2013, 2017, 2018), 3 дүркін Әлем чемпионы (2015, 2016 -2 мәрте). ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазіргі таңда Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің 4-курс студенті.
Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын Мөлдірді білікті бапкер, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Рүстем Әбжәмиев жаттықтырады.  




http://www.syrboyi.kz

15 мамыр 2018 ж. 151 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (9456)

13 қазан 2018 ж.

№76 (9455)

09 қазан 2018 ж.

№75 (9454)

06 қазан 2018 ж.

Сұхбат

12 жасар композитор
28 қыркүйек 2018 ж. 146

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031