» » Сондерс Головкинді жеңген бірінші боксшы болғысы келетінін айтты

Сондерс Головкинді жеңген бірінші боксшы болғысы келетінін айтты


Британиялық боксшы Билли Джо Сондерс қазақстандық Геннадий Головкинді жеңген алғашқы былғары қолғап шебері болғысы келетінін айтты.

Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.
Сондерс Головкинді «Жеңіліс тауып көрмеген робот» деп атады.
«Мен Канеломен емес, Головкинмен жұдырықтасқым келеді. Себебі ол – жеңіліп көрмеген робот. Мен оны өз үйімде жұдырық астына алғым келеді. Мұнан кейін ғана  Канеломен жекпе-жекке түсемін. Себебі ол бір рет жеңіліп көрген. Ол – тамаша боксшы. Бірақ бірнеше рет қарсыластарымен тең түсті. Ал Головкинді ешкім жұдырықтап, құлатпаған. Сондықтан оны жеңетін алғашқы боскшы болғым келеді», – дейді Сондерс.
Айта кетсек, 17 желтоқсан күні Лавалда өткен бокс кешінде Сондерс қарсыласы Давид Лемьені жеңген еді.


Stan.kz
28 желтоқсан 2017 ж. 787 0