» » Үміт сыйлаған турнир

Үміт сыйлаған турнир


Өткен сенбіде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, "Жастар ісі" секторы жəне "Шын жүректен" қайырымды-еріктілер тобының ұйымдастыруымен "Локоматив" стодионында "Жүрек жылуы" атты қайырымдылық турнирі өтті.
Ашылу салтанатында "Ақмешіт-Сырдария" орталық мешітінің наиб имамы А.Жексенов өзінің алғы сөзімен ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі Өкіл имамы Болатбек қажы Ұласқанұлының ризашылығын жеткізді, сонымен бірге Қызылорда қалалық "Айтбай" мешітінің бас имамы Н.Керімбеков жəне тағы басқа қонақтар игі тілектерін білдірді.
Айта кету керек, турнирдің мақсаты – жастарды мейірімділікке, ауызбіршілікке шақыру, толеранттылықты қалыптастыру, ең бастысы кішкентай Нұрсұлтан атты балақайға үміт сыйлау.
Тартысты ойын күн бойына жалғасты. 14 команда сайысқан нəтижелі ойын қорытындысы бойынша І-орын байқоңырлық "Жəрімбет" мешіті, ІІ-орын жаңақорғандық "Қожакент", ІІІ-орын "Қызылқұм" құрамаларына бұйырды. Қайырымды жандардың ат салысуымен жиналған 150000 теңгені қалалық "Айтбай" мешітінің бас имамы ДЦП дертіне шалдыққан Нұрсұлтанның еміне көмек үшін деп көпшілік атынан ата-анасына табыстады.
Сонымен қатар, игі шараға жан-жақты атсалысқан қамқор-қайырымды жандарға жəне футбол командаларына ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, "Ақмешіт-Сырдария" орталық мешітінің Бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлының атынан арнайы алғыс хаттар табысталды.





ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
30 шілде 2018 ж. 924 0