» » Олимпиада чемпионы Майя Манеза медициналық орталық ашты

Олимпиада чемпионы Майя Манеза медициналық орталық ашты

Лондонда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Майя Манеза Алматы қаласынан өзінің медициналық орталығын ашқан. Ол бапкерліктен гөрі, медицина саласын таңдауды жөн көріпті.


Ðлимпиада ÑÐµÐ¼Ð¿Ð¸Ð¾Ð½Ñ ÐÐ°Ð¹Ñ Ðанеза медиÑиналÑÒ Ð¾ÑÑалÑÒ Ð°ÑÑÑ


Бұл туралы «Домашний очаг» басылымына сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды.


Майя Манеза медицина саласына ойысуының себебін өмірінің көп бөлігі Қытайда өткендігімен түсіндірді. Аспан асты елінде шығыс медицинасының қаншалықты дамығанын көзіммен көрдім, дейді спортшы.


«Сонымен қатар күйеуім Вячеслав Ершов екеуіміз Қазақстанның ауыр атлетика бойынша құрамасының құрамында болған едік. Ол жерде біздің алған жарақатымызды емдейтін, көп күш түскен кезде қалпына келтіретін қытай дәрігер болды. Шығыс медицинасының не екенін өз тәжірибемізден білгендіктен, медициналық орталық ашуды ұйғардық. Бастапқыда спорттық медицинаға бағытталмақшы едік. Алайда анықталғандай, қарапайым адамдар да бізде емделгісі келеді екен.
Сондай-ақ, біз қайырымдылықпен айналысамыз. Ардагерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесеміз», – дейді Манеза.
Майя Манезаның сөзінше, орталықтағы дәрігер Қытайдан келген.

«Біздің бас дәрігеріміз – қытайлық. Оның медициналық білімі жеткілікті, шығыс медицинасы саласында 40 жылдық тәжірибесі бар.
Айта кетсек, дәл Қытайдан лайықты маманды табу қиын болды. Себебі жақсы дәрігерлер Қытайда жүріп-ақ жақсы табыс тауып отырғанда, оларға отбасын тастап, тіл білместен Қазақстанға келудің не керегі бар? Біздің клиникамыз дайын болғанның өзінде, дәрігер таба алмағандықтан, жарты жыл бойы ашпадық», – дейді Олипиада чемпионы.

Stan.kz

13 тамыз 2018 ж. 34 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9439)

11 тамыз 2018 ж.

№59 (9438)

07 тамыз 2018 ж.

№58 (9437)

04 тамыз 2018 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

20 шілде 2018 ж. 33

Жол уақытша жабылады

10 шілде 2018 ж. 58

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031