» » Жерар Гоу «Қайратқа» қайта орала ма?

Жерар Гоу «Қайратқа» қайта орала ма?


Өткен маусым аяқталысымен «Қайрат» клубынан кеткен ивуарлық шабуылшы Жерар Гоу алматылық командаға қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 
Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Ойыншы мен оның агенті «Қайрат» клубымен келісімге келуге дайын көрінеді.
Кейбір дереккөздер Гоу алматылық командада жылына екі миллион еуро көлемінде айлық алып тұрғанын жазған.
Былтырғы маусым аяқталысымен «Қайраттан» кеткен Гоу еркін агент ретінде жаңа команда іздеген. Алайда әлі күнге дейін ешбір клубпен келісімге келе алмады. Өз кезегінде «Қайрат» та Қазақстан біріншілігінің соңғы үш маусымында үздік сұрмерген атанған шабуылшыны алмастыра алатын ойыншы таба алған жоқ.
Гоу мен алматылық команда келісімге келіп жатса, шабуылшы 23-қаңтарда басталатын «Қайраттың» Түркиядағы жиынына келіп қосылуы тиіс.

Бүгін Жерар Гоу өзінің инстаграм парақшасында: «Жігіттер, сендерді сағынып жүрмін. Командамда бәрі жақсы болады деп ойлаймын. «Қайрат» осы маусымда чемпион болуы қажет. Біз – біргеміз!», - деген жазба қалдырған.

22 қаңтар 2018 ж. 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (9465)

13 қараша 2018 ж.

№85 (9464)

10 қараша 2018 ж.

№84 (9463)

06 қараша 2018 ж.

Сұхбат

12 жасар композитор
28 қыркүйек 2018 ж. 290

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930