» » КҮЛЛІ ӘЛЕМДІ ТӘНТІ ҚЫЛҒАН ГОЛОВКИН

КҮЛЛІ ӘЛЕМДІ ТӘНТІ ҚЫЛҒАН ГОЛОВКИН

Енді бірнеше күннен кейін қазақтың сары баласы атанып кеткен кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин шаршы алаңға шығып, мексикалық Сауль Канело Альвареспен жұдырықтасады. Бұл екеуінің жекпе-жегін күллі әлем жұртшылығы күтіп отыр десек те болады. Қос спортшы бұған дейін де кездескен. Дегенмен, таразының басы тең түсіп, кімнің мықты екені анықталмай қалған еді.
Бұл жолғы жекпе-жекке қос тарлан да өте жақсы дайындықпен келетіні анық. Атақтары жер жаратын спортшылар шаршы алаңда аянып қалмайтыны сөзсіз. Біз Канелоның бұл кездесуге қаншалықты дайын екенін айтпай-ақ қояйық. Ал, Гена жайлы сөз қозғағанда оның мықтылығын әңгімеге арқау етпеу мүмкін емес. Қарағандыда 1982 жылдың 8 сәуірінде өмірге келген боксшы биыл 36 жасқа толды. Ол жекпе-жектерінің барлығына қазақы ою-өрнекпен әдіптелген шапанды киіп шығады.
Кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсететін жерлесіміз қазір әлем чемпионы. Оның жекпе-жектерін көру үшін адамдар кезекке тұрып жатады.Бокс әлемінде өзіндік орны бар оғланымыз рингке шыққан сайын жеңіске жетіп, қолдау білдіріп отырған көрермендеріне қуаныш сыйлайды. Кейде жеңілістің дәмін татқан қарсыластары не болғанын да түсінбей қалады. Бұл сөзімізбен оларды әлсіз деуден аулақпыз, тек Головкинді жеңіске жетелейтін жеті қасиетінің бар екенін айтып өткіміз келеді.
Головкинді жеңіске бастайтын бірінші қасиеті оның сабыр­лылығында жатыр. Байқасаңыздар рингте кіммен кездессе де артық әрекетке бармай, үнемі ұстамдылық танытады. Екінші, Гена батырымыз соққыға төзімді. Шаршы алаңда қанша соққы тисе де, тепе-теңдігін сақтай біледі. Тиген соққыларды қабылдап, сол мезетте бойдан өткізіп жіберетіндей әсер қалдырады. Кейде өзін әдейі ұрғыза ма деп те қаласың. Үшінші, қарсыластың ойын тез аңғарады. Сол себепті, бағыттаған соққысы да нық, қимылы да шалт болады. Төртіншіден, Геннадий жаттықтырушыны тыңдай біледі. Жеңіске жету үшін бұл да үлкен рөл атқарады. Бесіншіден, ол екі қолымен бірдей ұрып, бірдей ауыр соққы жұмсай біледі. Қарсыласы оң қолынан сескеніп тұрса, сол қолымен нокаутқа жібереді. Сол қолынан секем алып қорғаншақтап жүргенде, оң қолымен ұрып есінен тандырады. Алтыншы ерекшелігі ретінде қарсыласын бағалай білетіндігін қосуға болады. Мейлі кіммен шықсын бәрібір Генада менсінбеушілік деген жоқ. Жетіншіден, Головкин көпшілікті өзіне тарта біледі.
Біз білетін Головкиннің ерекшелігі осы. Бәлкім, басқалар Генадай боксшының бұдан да көп қырын білетін шығар? Дегенмен, біздің чемпионды осы қасиеттері жеңіске жетелейді. Алдағы 15 қыркүйекте өтетін жекпе-жекте қазақтың сары баласы өзінің мықтылығын тағы бір мәрте дәделдейді деген сенімдеміз.

А.БЕК.


11 қыркүйек 2018 ж. 936 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 73

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930