» » Белбеулерді әлі қайтарамыз - Жәнібек Әлімханұлы «Канеломен» айқасты асыға күтуде

Белбеулерді әлі қайтарамыз - Жәнібек Әлімханұлы «Канеломен» айқасты асыға күтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жекті асыға күтетінін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бұйыртса белбеулерді қайтарып аламыз! 2019 жылы менің промоутерім Канелоның промоутерімен келіседі деп сенемін. Асыға күтемін! Мексикалықтарға қазақ бокс стилін көрсетеміз!», - деп жазды Жәнібек өзінің Инстаграм парақшасында. Кәсіпқой бокстағы жас перінің бұлайша сенімді сөйлеуінің себебі де бар. Өйткені, Жәнібек Әлімханұлы әлемге әйгілі промоутер Боб Аруммен келісімге келген болатын.Ол келісім жайлы кәсіпқой бокстағы алғашқы қазақстандық спортшылардың бірі, IBA және IBF тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы, WBO тұжырымы бойынша бұрынғы құрлықаралық әлем чемпионы Марат Мәзімбаев «Арум тек болашақ чемпиондармен келісімшартқа отыратынын» мәлім еткен еді. Еске сала кетсек, боксшы Жәнібек Әлімханұлы (2-0-0,1КО) Америкадағы алғашқы жекпе-жегін АҚШ-тың Калифорния штаты Окленд қаласында өткізеді. Жәнібектің қарсыласы -колумбиялық Карлос Галван. Айта кетсек, бүгін Америка Құрама Штаттарының Лас Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварес рематч өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіс мексикалыққа бұйырған еді.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/belbeulerdi-ali-kaytaramyz-zhanibek-alimhanuly-kanelomen-aykasty-asyga-kutude_a3393682
16 қыркүйек 2018 ж. 12 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9449)

18 қыркүйек 2018 ж.

№69 (9448)

15 қыркүйек 2018 ж.

№68 (9447)

11 қыркүйек 2018 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930