» » Головкин WBA нұсқасы бойынша 2017 жылдың үздік боксшысы атанды

Головкин WBA нұсқасы бойынша 2017 жылдың үздік боксшысы атанды


Аталған сауалнамада үш боксшының есімі жазылды. Олар - Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО), Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО) пен Энтони Джошуа (20-0, 20 КО) болды.

Жанкүйерлердің 50 пайызы Головкинге дауыс берсе, қалған екеуі 25 пайыздан қолдауға ие болған. Сауалнамаға барлығы 4 786 бокс жанкүйері қатысты.
03 қаңтар 2018 ж. 675 0