» » Головкин: Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізуге келісем

Головкин: Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізуге келісем



Геннадий Головкин Сауль Альвареспен үшінші рет жекпе-жекке шығуға дайын екенін айтты.

Қазақстандық боксшы 15 қыркүйекте өткен қарымта кездесуіне қатысты пікір білдірді. Айтуынша, ол айқасты өзі жеңуі тиіс болған.
“Қарымта кездесуде мен жеңгеніме сенімдімін. Төрешілердің мені жеңілді деген шешімі – менің проблемам емес. Мен бастысы өз жұмысымды атқардым. Альвареске көп және ауыр соққылар жасағанымды білем. Ол агрессивті қимылдағанымен, мені жеңетіндей күрескен жоқ. Сондықтан мен жеңілген жоқпын деп ойлаймын. Және үшінші айқасқа дайынмын”, – дейді Головкин.
Айта кетейік, 15 қыркүйекте Геннадий Головкин Сауль Алварестен жеңілді. Жекпе-жек 12 раундқа созылды. Төрешілер Альваресті жеңімпаз деп таныды.
Ал, WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Элейдер Альварес бұл жекпе-жекте Геннадий Головкинді жеңімпаз болуы тиісболғанын айтқан еді.

Stan.kz

30 қыркүйек 2018 ж. 533 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (9537)

06 тамыз 2019 ж.

№60 (9536)

03 тамыз 2019 ж.

№59 (9535)

30 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031