» » Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста үшінші рет жеңіске жетті

Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста үшінші рет жеңіске жетті



Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (2-0, 1 КО) кәсіпқой бокс рингіндегі өзінің үшінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол кеше АҚШ-тың Калифорния штатындағы Окленд қаласында колумбиялық Карлос Гальванмен (16-7-1, 15 КО) кездесті. Жекпе-жек төрешілердің шешімімен Жәнібек Әлімханұлының жеңісімен аяқталды. Олардың барлығы бірауыздан 60:54 ұпай берді. Осылайша енді ол кәсіпқой бокста үш рет жеңімпаз атанған боксшылардың қатарына енді. Ал Гальван өз мансабында сегізінші рет жеңіліп отыр.
Айта кету керек, Жәнібектің келесі кездесуі жоспарланып қойған - ол 3 қараша күні АҚШ-тың Техас штатындағы Эль-Пасо қаласында америкалық Вон Александермен (12-1, 8 КО) айқасады. Бұл боксшы өзінің қылмыстық өмірбаянымен танымал. Вон Александер қару кезеніп, кісі тонағаны үшін 11 жыл бойы түрмеде отырып шыққан. 
30 қыркүйек 2018 ж. 433 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (9601)

21 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930