» » Оның есімі әлі де үлкен мағына береді: WBA-ның әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Оның есімі әлі де үлкен мағына береді: WBA-ның әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

ÐнÑÒ£ еÑÑÐ¼Ñ ÓÐ»Ñ Ð´Ðµ үлкен маÒÑна беÑедÑ: WBA-нÑÒ£ Óлем ÑÐµÐ¼Ð¿Ð¸Ð¾Ð½Ñ ÐÐ¾Ð»Ð¾Ð²ÐºÐ¸Ð½Ð´Ñ Ð¶ÐµÐºÐ¿Ðµ-жекке ÑаÒÑÑдÑ

WBA Super нұсқасы бойынша әлем чемпионы, дүниежүзілік бокс сериясының (WBSS) алғашқы маусымының жеңімпазы, ұлыбританиялық былғары қолғап шебері Каллум Смит танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен кездесуге ниет білдірді, деп жазады Stan.kzақпараттық агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Ол әлі де үлкен атқа ие, оның есімі әлі үлкен мағына береді. Мен бұл айқас қаржы жағынан да жақсы болатынына сенімдімін. Оның үстіне оны жеңу әлі де үлкен жеңіс болып қала бермек», – дейді дүниежүзілік бокс сериясының алғашқы жеңімпазы, әлем чемпионы Каллум Смит.
Британдық чемпионның пікірінше, Головкин Альварестен жеңілгеніне қарамастан, көпшілігі оны жеңіліс таппады деп санайды.
«Қазір мен үшін ол әлі күнге дейін ең үлкен есім болып табылады. Менің ойымша оның есімі жеңіл салмақ немесе супер ауыр салмақтағы боксшылардікінен әлдеқайда үлкен мағына береді деп ойлаймын», – дейді Смит.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин Сауль Альварес «Канеломен» өткен жекпе-жекте судьялардың шешімі бойынша жеңіліс тапты. Сейсенбі күні GGG-ның өзінің туған қаласы – Қарағандыға келгені белгілі болды, онда ол спорт кешеніне барды. Айта кетейік, отандасымыз алғаш рет жеңіліс тапса да әлемдік чемпиондардың көпшілігі Головкинмен жекпе-жекке шығуды әлі де үлкен мәртебе санайды.


Stan.kz



03 қазан 2018 ж. 598 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30