» » Головкин WBC рейтингінде көш бастап тұр

Головкин WBC рейтингінде көш бастап тұр


Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) қазандағы рейтингінде бірінші орында тұр, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.


Головкиннен кейін британиялық Мартин Мюррей екінші орында. Үшінші болып канадалық Давид Ламье тұр.

Аталған ұйымның орта салмақтағы нұсқасы бойынша чемпиондық белбеу мексикалық спортшы Сауль «Канело» Альвареске тиесілі.

Бұл титулға міндетті үміткерлердің бірі – америкалық Джермалл Чарло.

WBC толық рейтингімен мына жерде таныса аласыздар.

Еске сала кетсек, 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында Головкин - Альварес реваншы өтті. Жекпе-жек толық 12 раунд өтіп, төрешілер шешімі бойынша Альварес жеңіске жетті (115-113, 115-113, 114-114). Головкин үшін бұл алғашқы жеңіліс болды және ол WBC, WBA (Super) мен IBO белбеулерінен айырылып қалған болатын.

Сонымен бірге, Альвареспен өткен жекпе-жек Головкин үшін биыл соңғы кездесу болуы мүмкін. Қазақстандықтың бапкері Абель Санчес Головкинге демалыс беретінін айтты.

Айта кетейік, былтыр қос боксшының арасындағы жекпе-жекте жеңімпаз анықталмаған. Төреші тең ойын болды деп, екеуінің де қолын көтерген.

Сонымен қатар, Президенттің телерадиокешені Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен әлем чемпионы Геннадий Головкиннің кездесуінен видео үзінді жариялады.

Лас-Вегаста WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль «Канело» Альварестің реванш алдындағы соңғы конференциясы өтті. Боксшылардың екеуі бірдей қатысқан алғашқы шарада Альварес жекпе-жек алдындағы көз түйістіруден бас тартты.

WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес тәлімгерінің Сауль «Канело» Альвареспен екінші кездесуде айтарлықтай проблема болмауы тиіс екенін айтқан болатын.

baq.kz




Baq.kz
11 қазан 2018 ж. 150 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (9465)

13 қараша 2018 ж.

№85 (9464)

10 қараша 2018 ж.

№84 (9463)

06 қараша 2018 ж.

Сұхбат

12 жасар композитор
28 қыркүйек 2018 ж. 349

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31