» » Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов бесінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов бесінші жекпе-жегінде жеңіске жетті



Олимпиаданың чемпионы, қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов никарагуандық қарсыласы Маркоса Мохиканы нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті. Бұл туралы Vesti.kz басылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Орта салмақтағы жекпе-жек Монакода, “Казино де Монте-Карло” мекемесінде өтті. Сегіз раундтан тұратын Елеусінов пен Мохиканың жекпе-жегі үшінші раундта аяқталды.
Үш минуттық раундтардың екіншісінде қазақстандық боксшы қарсыласын үш рет нокдаунға жіберді. Үшінші раундтың 1:53 минутында төреші Мохиканы соққының астына алған Данияр Елеусіновты тоқтатты.
27 жастағы отандасымыз бесінші жекпе-жегінде жеңімпаз атанды. Ал 16 рет жеңіске жеткен 33 жастағы Мохика осымен үшінші рет жеңілді.
Естеріңізге сала кетейік, Данияр Елеусінов 2018 жылдың 28 сәуірінде Нью-Йорк қаласында кәсіби бокста алғашқы жекпе-жегін өткізген. Ол Ноа Кидда есімді америкалықты нокаутқа жіберген еді.


Stan.kz


25 қараша 2018 ж. 387 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (9605)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930