» » Илья Ильин халықаралық турнирге қатысатын қазақстандық спортшылар тізіміне енді

Илья Ильин халықаралық турнирге қатысатын қазақстандық спортшылар тізіміне енді


19 желтоқсанда Катар астанасы - Доха қаласында халықаралық Катар кубогы турнирі басталады. Аталмыш турнирге Қазақстан құрамасы сапында 9 спортшы қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетерлігі, аталмыш турнирде 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама беріледі. Сондықтан жарыс барысында оған қатысушылар Олимпиадада жүлделер сарапқа салынатын салмақ дәрежелерінде сынға түседі.
Ұлттық құрама сапында 109 келі салмақта белгілі ауыр атлет Илья Ильиннің бақ сынайтыны белгілі болды.
Естеріңізге сала кетелік, ол бастапқыда 1-10 қарашада Түрікменстан астанасы - Ашхабад қаласында өткен әлем біріншілігіне баратын спортшылар тізімінде болған еді.
Кейіннен ол алған жарақатына байланысты оған қатыса алмайтынын мәлімдеді.
Катар кубогы турнирінде Илья Ильиннен өзге Арли Чонтэй (55 келі), Игорь Сон (61 келі), Фархад Харки (67 келі), Нижат Рахимов (73 келі), Айдар Қазов (81 келі, Рүстем Сыбай (96 келі), Карина Горичева (64 келі) және Раушан Мешітханова (87 келі) бар.
Аталмыш турнир 23-желтоқсанға дейін жалғасады.
19 желтоқсан 2018 ж. 317 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031